Теннис • 18 Қыркүйек, 2017

 Зарина Диас халықаралық Japan Open турнирінің же­ңімпазы атанды

399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық тен­нис­ші қыз Зарина Диас Жа­по­ния астанасы Токиода теннис­тен өткен халықаралық Japan Open турнирінің же­ңімпазы атанды. Жарыстың жүлде қоры 226 750 АҚШ долларын құрады. 

 Зарина Диас халықаралық Japan Open турнирінің же­ңімпазы атанды

Зарина Диас (әлемнің 100-ракеткасы) жарыс­ты турнирдің ірік­теу кезеңінде Таиланд елінің тен­нисшісі Луксика Кумхуммен (155) кездесіп, 2:1 нәтижесімен жеңіс­ке жетті. Бірінші партияда Лук­сика 6:1 есебімен басым түссе, екінші және үшінші сетте За­рина жеңісті жұлып алды. Негіз­гі кезеңнің бірінші айналымын­да Диас дәл осындай есеппен жа­по­ниялық теннисші Мисаки Доиді (95) жеңді.

Еліміздің экс-бірінші ракеткасы Зарина Диас 1/8 финалда қытайлық теннисші Чжан Шуай­ды (28) екі сетте 6:4, 6:2 есе­бі­мен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне шықты. Ширек финалда екі қазақстандық теннисші қыз Зарина Диас пен еліміздің бі­рін­ші, әлемнің 52-ші ракеткасы Юлия Путинцева бір-біріне қарсы ойнады. Бұл жұпта Заринаның ме­рейі үстем болды. Бірінші сетте  Пу­тинцева 6:4 есебімен жеңіске жет­се, қалған екі сет (6:1, 6:3) Диас­тың пайдасына шешілді. Айта кетейік, Зарина Диас пен Юлия Путинцева өзара тұңғыш рет күш сынасты.

Жартылай финалдық бәсекені Зарина амери­калық Кристина Мак­хэйлға (62) қарсы өткізіп, үш­ сетке созылған ойында жеңіске жетті. Ал­ғаш­қы партияда 6:4 есе­бімен ұтып, екінші партияда 0:6 есебімен ұтылған отандасымыз тағы да қайсарлық танытып үшін­ші партияда 6:3 есе­бімен жеңіске жетті.

Халықаралық турнирдің финалында отандасымыз корт иесі жапониялық Мии Катоға (171) қарсы ойын өткізіп, бір сағат 19 ми­­нутқа со­зыл­ған матчта 6:2, 7:5 есебімен басым түсті. 23 жастағы За­рина қазақ теннисшілері ара­сын­да WTA тұжырымына енетін Japan Open тур­нирінің тұңғыш рет жеңімпазы атанды. Еске сала кетсек, Зарина 2014 жылы Japan Open жарысының финалына шығып, австралиялық Саманта Стосурдан жеңілген еді.

«Егемен-ақпарат»